Тұрсынбек Қабатовтың "баласы" мәлімдеме жасап, отбасылық мәселені "айтты"

Тұрсынбек Қабатовтың "баласы" мәлімдеме жасап, отбасылық мәселені "айтты"

ТикТок әлеуметтік желісінде "мен Тұрсынбек Қабатовтың баласымын" деген жігіт мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

"Мен әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың баласымын. Кәдімгі өздеріңіз теледидардан көріп жүрген Тұрсынбектің баласымын. 

Әкеме қатысты әлдене деуге әрине, менің қақым жоқ. Әкем үнемі сыртта, жұмыста жүреді. Әкем өнер адамы, халықтың алдында жүрген кісі. Оған қатысты ештеңе айтқым келмейді. 

Отбасылық мәселеге қатысты "ол қалай?" Деген сұраққа мен жауап бере алмаймын. Артық ештеңе айтпаймын..." Деген Бекош есімді жігіт осы тұста "қалжыңдаймын! Сендер ғой, "Тұрсынбекке ұқсайсың дей бересіңдер"деп оқырманын күлкіге қарық қылды.

 

 

Барлық жаңалықтар