Тұрсынбектің қызы сыйға алған су жаңа көлігін көрсетті

 Тұрсынбектің қызы сыйға алған су жаңа көлігін көрсетті

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желіде оқырмандарымен қуанышты жаңалығын бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Бойжеткен жаңа автокөлігінің жанында түскен суретін жариялап, бағалы сыйлығы үшін анасына алғыс білдірді.

Желіде жарияланған фотода үлкен қызыл бантпен безендірілген көк түсті сәнді көлік бейнеленген. Суретке Әдемі: «Рахмет, мама», – деген қысқа жазба қалдырған.

Еске салайық, бұған дейін Мөлдір Мұқан «3 қуаныш, 1 той» атты мерекелік кеш ұйымдастырып, үш баласына арнап салтанатты той өткізген болатын. Осы кеш барысында ол жоғары оқу орнын тәмамдаған үлкен қызы Әдеміге ерекше тосынсый жасап, оған су жаңа Audi A7 автокөлігінің кілтін табыстаған еді.

Желі қолданушылары Әдеміні жаңа көлігімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Барлық жаңалықтар