Шенеунік болған Ринат Зайытов неге шығармашылықтан алыстап кетті? Парламент мәжілісінің депутаты өлең-жырдан неге қалыс қалғанын айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Шығармашылыққа шектеу жоқ, бірақ уақыт жоқ. Жұмыстан келгеннен кейін көңіл-күйде болмайды. Кеше мысалы қоғамдық қабылдау болды. Келген тоқсанға жуық адамның басында тоқсанға жуық проблема бар. Оны тыңдап келгеннен кейн өлең жазуың мүмкін емес. Ол үшін жаз кезінде демалыс алып, басқа ештеңе ойламай, жатып жазбасаң», – деді Ринат Зайытов.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)