"Ұлттық кодты қорлаған": Бота Мияның басы дауға қалды

"Ұлттық кодты қорлаған": Бота Мияның басы дауға қалды

Әлеуметтік желіде қазақстандық танымал блогер Бота Мияға қатысты сұмдық пікірталас бұл жолы халықаралық деңгейде өрбіді деп жазады Democrat.kz.

Қазақстандық блогер Бота Мия кореялық блогердің өнімдерін еш сілтемесіз көшіріп, тіпті атына дейін көшіріп, өз жарнамасына қолданған. 

Осыған баланысты кореялық блогер ренішін білдіріп, тіпті өз видеоларын ешқандай ЖИ көмегінсіз жасайтынын айтады. Ал Бота Мия болса, ЖИ көмегімен біреудің еңбегін көшіріп, жарнама жасаған. 

Бұл жолғы хейт тек қазақстандық деңгейде ғана емес, шетелдіктердің аралаасуымен де болып жатыр. Әр тарап өз шындығын айтып, өз пікірін білдіруде. 

Ал Бота Мия  секілді блогерлермен жұмыс істейтін Brave Talents компаниясы қоғамды шулатып жатқан мәселеге әзірге үн қатпады. 

Threads әлеуметтік желісінде "Бота Мия секілді блогерлері бар компания Кореяда осындай ағаттық дүние кетсе, компания атынан кешірім сұрайды. Ал Бота Миямен бірге жұмыс істейтін Brave Talents жұрт алдына шығып кешірім сұрамай отыр. 

Бота Мияның әлгі видеосымен осы компания пайда тауып отырған жоқ па?"деген сауал төңірегінде жұрт түрлі пікірін айтуда. 

"Brave Talents Боратты басты бетке қойып, "ұлттық код" дегізіп жүргенде, ондай компаниядан қандай кешірім күтуге болады?", "Бұл компания ұлттық кодты қорлап отырған жоқ па?", "Қазақ код" деп жазып қойып, Бораттың суретін қойыпты, масқара" десіп жатыр жұрт.

Ал болған жағдайға қатысты Бота Мия: "Ондай істермен мен айналыспаймын, оның даусын рұқсатсыз қолданғаным үшін.

Көбісінен көріп, тренд шығар деп едім, даусы да бір жағымды сүйкімсіздің.

Мені ғана көріп қалды ағам. Трендс блокқа кетірді, енді инстам аман болса"деген жазбамен фото жариялады. 

 
Барлық жаңалықтар