"Уыс-уыс алтын, зәулім сарай": Блогер Ырысбаланың иен байлығы қайдан келіп жатыр?

"Уыс-уыс алтын, зәулім сарай": Блогер Ырысбаланың иен байлығы қайдан келіп жатыр?

"Қалаулым" бағдарламасы арқылы елге танылып, артынша түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп, елден ақша жинап, үйсіздерге баспана сыйлады деп жүрген блогер Ырысбала Икрамбайдың шылқыған дәулетті өмірі жұртты таңырқатты деп жазады Democrat.kz.

Ырысбала Икрамбай бір видеосында дағарадай зәулім сарай үйінің алдында "Алакөлге демалысқа барайын деп едік. Мына балалар әрқайсысы әр бұрышта аңырап, маңырап жылап жатыр" дейді. 

Ал келесі видеосында "жылан жалағандай болмайын, берші, алтындарымды тағайын" деп көмекшісінің уысындағы алтын әшекейлерін тағып, әлдебір жарнамаға түскен Ырысбаланың әрекеті оқырманның назарын өзіне бұрды. 

Екі видеоның да астына ең бірінші қойылған сұрақ "мынанша байлықты бұл қалай, қайдан иеленді?" болды. "Күйеуі екеуі не жұмыс істейді бұлар?", "30 жыл құрылыста жұмыс істеген менде зәулім сарай түгілі, екі бөлмелі үй жоқ", "бұл қалай мынадай уыс-уыс алтын мен зәулім сарйға қол жеткізді?" дейтін сауалдар желіде көптеп қойылып жатыр. 

Енді біреулер "халықтан жинаған ақшаға шалқып жүр" дегенге саятын пікірлер жазуда. Әзірге блогер жұрттың бұл сауалдарына байлығының қайдан келіп жатқаны туралы ресми жауап бермеді. 

Барлық жаңалықтар