Зейнеткерге тегін шипажайлар: Жолдаманы қалай алу керек?

Зейнеткерге тегін шипажайлар: Жолдаманы қалай алу керек?

Көптеген зейнеткерлер санаторийге жолдаманы тегін немесе жолдаманы үлкен жеңілдікпен ала алатынын білмейді. Төменде зейнеткерлерге арналған санаторийге жолдама алудың жолдары мен ақпараттарын назарға алыңыз деп жазады Democrat.kz.

Астана бойынша: 

Тегін: ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, 1986 жылғы оқиғаларға қатысушылар.
80-85% жеңілдік: жасы бойынша зейнеткерлер (2 жылда бір рет).
Қайда: Бурабай шипажайлары, Қатаркөл көлі, "Балқаш".
Жазба: birge.astana.kz (ЭЦҚ-мен).

Алматы бойынша: 

Тегін: тек ҰОС ардагерлері мен мүгедектер.
Жеңілдік: табысы 152 553 теңгеге дейінгі зейнеткерлер үшін-зейнетақының 25% төлеу.
Қайда: санаторийлерді әкімдік анықтайды.
Жазба: аудандық әкімдік, комиссия шешімі.

Шымкент бойынша: 

Ардагерлер мен зейнеткерлерге жыл сайын 5500 жолдама.
Шипажайлар: "Ақсу Деми", "Күлпаршын", "Денсаулық", "Айша бибі".
"Ізетті зейнеткер" орталығы-10 күн, жазылу geo-shym.kz (кезекте 29000 адам бар).

Қарағанды бойынша: 

Ардагерлер мен еңбек ардагерлері үшін 316 120 теңгеге дейін өтемақы.
75 + және мүгедектер үшін-Қарқаралыдағы оңалту орталығы.
Жазба: жұмыспен қамту бөлімі, Чкалов көшесі, 7, каб. 303.

Барлық жаңалықтар