Бішкек қаласындағы № 83 мектепте оқушы мен мұғалім арасында жанжал болды деп жазады Democrat.kz. 24.kg.-ге сілтеме жасап.
ІІБ дерегінше, 16 ақпан күні шамамен сағат 11:30-да оқу орнында болған оқиға туралы хабарлама түскен. Анықталғандай, жанжалға қатысушылар — 1957 жылы туған мұғалім К.Б. және 2010 жылы туған 10-сынып оқушысы М.К.
Педагог оқушыға қатысты шара қолдану туралы арызбен жүгінген. Өз кезегінде кәмелетке толмаған жасөспірім медициналық мекемеге көмек алу үшін барған.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.