Әнші Қарақат Әбілдина мерекелік концертте айтқан әніне байланысты жазба жариялап, оқырмандарынан кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz.
"Бүйірден түсірілген видео үшін кешірім сұраймын
Мені бұл концертке кеше қосты. Президентіміздің қатысуымен өтетін , Республикамыздың күніне арналған өте жауапты концертке “ Елге сәлем” әнін таңдады.
Бұл әнді осыдан 15 жыл бұрын жазып, мүлдем айтпаған соң ұмытып қалған екенмін. Аяқ асты бір күннің ішінде еске түсіріп , ‘нар тәуекел ‘- деп оркестрдің сүйемелдеуімен сахнаға шықтым. Уайымдағанымды көрсеңіз ғой.
Сөздерін шатастырып ала жаздап , қойш әйтеуір орындап шықтым-ау.
Артық кемі болса айып етпессіздер. Республикамыздың Мәдениет минстірлігінің құлағына алтын сырға, кем дегенде екі-үш күн дайындалуға мүмкіндік беріп, концертке қатысатынымызды сәл ертерек ескертсеңіздер нұр үстіне нұр болушы еді…
Десе де эмоцияға толы,ғажап, атақ жауған күн болды бүгін. Барша марапатқа ие болған жандарды құттықтаймын! Мерейлеріңіз үстем болсын!
Қазақстан Республикасына адал қызмет ете берейік"деп жазды әнші.