Испанияда тұрғын үй бағасына қарсы төрт миллион адам ереуілге шықты

Испанияда тұрғын үй бағасына қарсы төрт миллион адам ереуілге шықты

Испанияда соңғы 14 жылдағы алғашқы жалпыұлттық ереуіл өтіп, оған шамамен төрт миллион адам қатысты. Наразылыққа тұрғын үй бағасының шарықтауы мен жалдау ақысының қолжетімсіздігі себеп болған, деп жазады Democrat.kz.

Кәсіподақтардың мәліметінше, бірқатар порттар мен автомобиль зауыттарында жұмысшылардың қатысуы 90 пайызға жеткен. Елдің бірнеше қаласында полиция мен ереуілшілер арасында қақтығыс болып, 40 адам ұсталған.

Испания Орталық банкінің бағалауынша, елде шамамен 750 мың тұрғын үй жетіспейді. Наразылық білдірушілер биліктен баспана бағасын реттеп, жалға алу нарығындағы жағдайды жақсартуды талап етуде. 

Барлық жаңалықтар