Халықаралық әуежай аумағындағы құрылыс алаңында мердігер ұйымның қызметкері көз жұмды. Оқиғаға байланысты еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс басталды, деп жазады Democrat.kz.
Қайғылы жағдай перрон аумағында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде болған. Әуежай әкімшілігі оқиға бойынша уәкілетті органдарға қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
Көлік полициясы тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.