Алматы облысындағы Шарын шатқалы Worldworthy 100 халықаралық рейтингінде 17-орынға ие болды. Табиғи нысан 10 балдық жүйе бойынша 9,48 ұпай жинаған, деп жазады Democrat.kz.
2026 жылғы рейтингке әлемнің 46 елінен 100 каньон мен шатқал енгізілген. Шарын Қазақстандағы өз санатындағы үздік табиғи нысан деп танылды.
Салыстыру үшін, АҚШ-тағы әйгілі Үлкен каньон рейтингте төртінші орын алған. Ал бірінші орын Нью-Йорк штатындағы Letchworth шатқалына бұйырған.