98,6 мың адам банкрот деп танылды: қарыз көлемі 373 миллиард теңгеге жетті

98,6 мың адам банкрот деп танылды: қарыз көлемі 373 миллиард теңгеге жетті

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдері нәтижесінде 98,6 мың азамат төлем қабілетсіз деп танылған. Олардың жалпы берешегі 373 миллиард теңгені құрады, деп жазады Democrat.kz.

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң азаматтарға белгілі бір талаптар орындалған жағдайда қарыз міндеттемелерінен босауға мүмкіндік береді.

Алайда банкроттық мәртебесі барлық қаржылық міндеттемені автоматты түрде жоймайды. Рәсімнің әр түріне қойылатын талаптар мен шектеулер бар.

Барлық жаңалықтар