Құрылтай халықаралық автомобиль жүк тасымалы туралы CMR конвенциясын және электронды жүкқұжаттарға қатысты хаттаманы ратификациялады. Құжаттар екі оқылымда мақұлданды, деп жазады Democrat.kz.
Бұл шешім халықаралық тасымалда жүкқұжаттарды электронды форматта рәсімдеуге мүмкіндік береді. Соның арқасында құжат айналымын жеңілдетіп, тасымал барысындағы әкімшілік кедергілерді азайту көзделген.
CMR конвенциясы халықаралық автомобиль тасымалындағы жүк жөнелтуші, тасымалдаушы және алушы арасындағы құқықтық қатынастарды реттейді.