Қарағанды облысындағы Саран индустриялық аймағында Қытайдың CATL компаниясының технологиясы негізінде энергия сақтау жүйелерін құрастыру жобасы қолға алынды. Алғашқы кезеңде қажетті бөлшектер шетелден жеткізіледі, деп жазады Democrat.kz.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жоба электр энергиясын жинақтап, қажет кезде желіге қайта беретін жүйелерді дамытуға бағытталған.
Мұндай технологиялар жаңартылатын энергия көздерінің тұрақсыз өндірілуін реттеуге және электр желісіне түсетін жүктемені басқаруға көмектеседі.