Ғылым саласында 51 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды

Ғылым саласында 51 миллиард теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды

Жоғары аудиторлық палата ғылым саласына бөлінген қаражатты тексеру кезінде 51 миллиард теңгеге қаржылық бұзушылық және тағы 47 миллиард теңгеге тиімсіз жоспарлау мен пайдалану деректерін анықтады, деп жазады Democrat.kz.

Аудит нәтижелері Құрылтай отырысында таныстырылды. Мәліметке сәйкес, 2022–2025 жылдары ғылымды қаржыландыру көлемі 122 миллиардтан 262 миллиард теңгеге дейін өскен.

Соған қарамастан, ғылымның жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,16 пайыз деңгейінде қалған. Бұған дейінгі жоспарларда бұл көрсеткішті 1 пайызға жеткізу көзделген еді. 

Барлық жаңалықтар