Алматы облысында екі адамды көлік қағып өлтірді

Алматы облысында екі адамды көлік қағып өлтірді

Алматы–Өскемен тасжолында екі егде жастағы ер адам көлік астына түсіп, оқиға орнында қаза тапты. Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Democrat.kz.

Апат 6 қыркүйекте Алматы–Өскемен автожолының 18-шақырымында болған.

Алматы облысы полициясының алдын ала мәліметінше, Chevrolet Cobalt көлігін басқарған 37 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан екі ер адамды қағып кеткен.

Полиция жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өткенін хабарлады.

Алған жарақаттарынан екі адам да оқиға орнында көз жұмған.

Жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір тергеушілер көліктің жылдамдығын, жүргізушінің әрекетін, жолдағы көріну жағдайын және оқиғаның басқа да мән-жайын анықтап жатыр. 

Барлық жаңалықтар