"Ақтөбе әкімі мектепте хиджаб кию мәселесін шешті": Желіде ақпарат қызу талқыға түсті

"Ақтөбе әкімі мектепте хиджаб кию мәселесін шешті": Желіде ақпарат қызу талқыға түсті

Жылда тамыз айынан бастап, жаңа оқу жылында шешімі табылмай, қоғамдық резонанс тудыратын "мектеп оқушысының хиджаб кию" мәселесін Ақтөбенің әкімі шешіп тастапты деген ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы танымал журналист Азамат Әбілқайыр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтты. 

Журналистің айтуынша, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров хиджаб кигісі келетін оқушылар енді мектепке кіргенде хиджабын шешіп, ал шыққан соң, хиджабын киіп алуына болады деген шешім қабылдаған. 

Яғни, кез келген оқушы хиджабын мектептен тыс жерде таға беруіне болады, ал мектептің ішінде министрлік бекіткен форманы киюге міндеттті. 

Желіде тараған осы ақпаратқа қатысты жұрт түрлі пікір айтуда. Бір тарап "неге қыздарға хиджаб киюге рұқсат бермейді" деп реніш білдірсе, енді бірі "қыздарға мектепте хиджаб киюге тыйым салынсын" дейді. Келесі бір тарап "осы да дұрыс шешім бе? Мектепте кимесін, сыртта хиджаб кие берсін дегеннің несі табылған шешім?" деп таңдануда. 

Барлық жаңалықтар