YouTube- дегі MassagetTV арнасына сұхбат берген блогер Эммануэлла Наурызбаева Ақтөбедегі мешітте болған оқиғадан бөлек, күдіктінің тағы бір сорақы әрекеті туралы айтып берді деп жазады Democrat.kz.
"Мешітте маған тиіскен еркек тек маған ғана одай ұсыныс жасамаған. Сот кезінде оның сол мешітте кішкентай балаға да жыныстық қатынас жасауға ұсыныс жасап, істі болғаны ортаға шықты.
Сол күні, яғни мен күдіктінің әдепсіз әрекетіне шағымданып, мешіттің имамына барғанымда, имам "оның сары карточкасы барын" алға тартқан еді.
Алайда сот ол сары карточканың ақиқаты анықталатынын айтып, бес тәулікке қамауға алды" дейді Эммануэлла.