"Аранадатуды доғарыңдар!": Бақыт Сәрсекбаев маңызды мәлімдеме жасады

"Аранадатуды доғарыңдар!": Бақыт Сәрсекбаев маңызды мәлімдеме жасады

Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желіде өзіне қысым жасалып жатқанын меңзеді. “Маған кедергі жасау - қазақстандық боксқа кедергі жасау”, деді бапкер. Қазақстанның бокстан U-19 жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көптің назарын аударды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Жаттықтырушы өзіне қысым жасалып жатқанын меңзеп, аты аталмаған адамдарға ашық ескерту жасады. Бұл туралы Sports.kz жазды.

Сәрсекбаев Instagram парақшасында өзін “сындыру” мүмкін еместігін айтып, байланыс, телефон қоңырауы және түрлі арандату арқылы қорқытуға болмайтынын жеткізген.

“Мен жұмыс істейтін жерде тәртіп, дисциплина және әділдік болады”, деген ол.

Бапкердің айтуынша, оның ешкімнен сұрағаны жоқ. Тек бір ғана талабы бар: жұмыс істеуге кедергі келтірмеу.

Сәрсекбаев “маған кедергі жасау - қазақстандық боксқа кедергі жасау” деген ой айтты. Ол алда жауапты жарыстар күтіп тұрғанын, сондықтан интрига мен арандатуға уақыты жоқ екенін де жазған.

Әзірге жаттықтырушы бұл сөзін нақты кімдерге бағыттағанын ашып айтқан жоқ. Дегенмен оның жазбасынан жастар құрамасының айналасында белгілі бір ішкі келіспеушілік немесе қысым барын аңғаруға болады.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаев - 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы. Ол 2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның бокстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалған.

 

Барлық жаңалықтар