"Арсыздық": Оқушы мектеп оқулықтарын сатып, ақша тапқан

"Арсыздық": Оқушы мектеп оқулықтарын сатып, ақша тапқан

Әлеуметтік желіде мектеп оқулығын интернет парақшада сатқан оқушының әрекеті әшкере болды деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде "Кітапханада кітап жинағанда мынандай жағдай болды: 8 сыныптың сынып жетекшісі кітаптарын өткізді, бірақ 1 комплект кітап жетіспеді, кітапханашы мен сынып жетекшінің арасында біраз ренжісу де болды.

Ертесінде сынып жетекші 13 кітаптың жетеуін ОЛХ-те бір анонимный адамнан өз ақшасына сатып әкеліп берген. Бір қызығы әкелген кітаптардың барлығы сол мектептің печатьы қойылған кітаптар болып шықты. Яғни оқушы кітаптарды өткізбей ұрлап сатқан"деп жазды желі қолданушы. 

Бұл жағдайға байланысты желі қолданушылар "мұғалімге обал", "ұятсыз бала ұятсыз ата-анадан шығады", "мектептің затын сатып, пайда табу бұл арсыздық" дегенге саятын пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар