Қытайдың Шаньтоу қаласында пәтерінің балконында тұрған егде жастағы әйел ақшасын шаша бастады. Аспаннан жауған миллиондаған ақшаны жұрт жанталасып жинап алған деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz.-ке сілтеме жасап.
Қытайдың Шаньтоу қаласында сәнді пәтерде тұратын егде жастағы әйел балконынан көшедегі адамдарға шамамен 1 миллион Гонконг долларын (шамамен 60 миллион теңге) шашқан.
Жұртшылық мұны "ақша жаңбыры" деп атады. Содан кейін көшеде көлік қозғалысы тоқтап қалды, өтіп бара жатқан жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер ақшаны алу үшін үлкен кептеліс жасады. Кейбір азаматтар ағаш бұтақтарына тығылып қалған ақшаны алу үшін ағашқа мінді.
Оқиғадан кейін оқиға орнына полиция жіберіліп, егде жастағы әйелдің бұл әрекетке не үшін барғаны анықталмақ