Белгілі продюсер Баян Алагөзова қызы Айару Бақытбектің болашақ жарына қоятын талаптары төмен емес екенін айтты. Оның сөзінше, Айару өзімен тең дәрежеде білімді, көзі ашық әрі жан-жақты азаматты қалайды, деп жазады Democrat.kz.
Баян Алагөзова бұл туралы Аман Тасығанға берген сұхбатында әңгімеледі.
Продюсердің айтуынша, Айару үшін жігіттің ағылшын тілін білуі – ең қарапайым талаптардың бірі.
«Айару ағылшынша сөйлемейтін жігітпен сөйлеспейді. Бұл – оның ең төменгі талабы», – деді Баян Алагөзова.
Алайда талап мұнымен шектелмейді. Продюсер қызының әдебиетке де ерекше мән беретінін айтты.
Оның сөзінше, Айару болашақ серігінің Толстой мен Достоевскийдің шығармаларын оқығанын қалайды.
«Айару өте білімді қыз. Жігіт те соған сай болуы керек. Ол гольф ойнай алуы, шаңғы тебе білуі керек. Айару өзі не білсе, қасындағы адам да соны білгенін қалайды», – деді продюсер.
Баян Алагөзованың әңгімесінен аңғарылғандай, Айару үшін болашақ жардың тек сыртқы келбеті немесе материалдық жағдайы емес, оның білімі, мәдениеті, дүниетанымы мен өмір салты да маңызды.
Продюсер қызының бұл ұстанымын талапшылдық емес, өзіне сай адамды іздеу деп бағалайтынын жеткізді.