Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен мұғалім мен ата-ананың айғайы кейбіреулерге жаға ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Видеода мұғалімге зіркілдеп, баласына төмен баға қойдың деп бажылдаған әйелдің даусын естуге болады.
Баласының қабілетіне, шамасына қарамай, "неге менің балама "үш" қоясың?"деумен шектелмей, ұстаздың өзін жәбірлейтін сөздер айтып, діңкілдеген келіншектің бұл әрекеті көпшілікке ұнамады.