2026–2027 оқу жылынан бастап мектеп бағдарламаларына бірқатар жаңа арнайы курстар мен модульдер енгізіледі. Осыған байланысты келесі пән мұғалімдерінің сағат сандары мен оқу жүктемелері артады деп жазады Democrat.kz.
1. Құқық негіздері мен Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері
Бұл пән мұғалімдеріне оқушылардың азаматтық сауаттылығын арттыратын екі жаңа бағытты жүргізу жүктеледі:
-
«Конституция негіздері» (5–7 сыныптар): Құқық негіздері және Қазақстан тарихы мұғалімдері жүргізеді.
-
«Заң және тәртіп» (8–11 сыныптар): Құқық негіздері және Қазақстан тарихы мұғалімдері жүргізеді.
2. Информатика пәні мұғалімдері
-
Жасанды интеллект (AI) элементтері (5–11 сыныптар): Информатика пәніне Жасанды Интеллект модульдерінің кезең-кезеңімен енгізілуіне байланысты информатика мұғалімдерінің оқу жүктемесі артады.
3. География пәні мұғалімдері
-
«Қазақстан географиясы» (8–9 сыныптар): Бұл пәнді/курсты арнайы география пәнінің мұғалімі жүргізеді, бұл да сағат санының артуына ықпал етеді.
4. Педагог-психологтар, АӘТД мұғалімдері және Сынып жетекшілері
-
«Жеке қауіпсіздік» (5–11 сыныптар): Мектептің шешіміне байланысты бұл курсты мына мамандар жүргізе алады:
-
Педагог-психолог
-
АӘТД (Алғашқы әскери және технологиялық дайындық) мұғалімі
-
Сынып жетекшісі
-
Басқа да педагогтар
-
Қорытынды
2026–2027 оқу жылында ең басты сағат өсімі мен жүктеме Құқық негіздері, Қазақстан тарихы, Информатика, География пәні мұғалімдеріне, сондай-ақ Педагог-психологтар мен АӘТД мамандарына бағытталып отыр.