Ақтөбе мешітінде бір еркек тиісіп, солай жұртқа танылған блогер Эммануэлла Наурызбаева хиджаб, ниқабтағы қыздарды өзін "мұсылманмын" дейтін еркектердің қалай қорлайтынын айтты деп жазады Democrat.kz.
"Неге соңғы уақытта қыздар орамалдарын шешіп, кейбірі намазын тастап, тіпті бірі діннен түбегейлі түрде кетіп жатыр. Неге? Сіздерге оның дәлелі ретінде мына (төмендегі суреттер) нәрселерді көрсетейін" деген блогер өздерін мұсылман санайтын еркектердің ерсі, арсыз тірліктерін әшкереледі.







