Блогер Жузефинаның ағасы маңызды мәлімдеме жасады

Блогер Жузефинаның ағасы маңызды мәлімдеме жасады

Танымал блогер Жұлдыз Жауынбаева, Жузидің ағасы көпшіліктің сұрақтарына жауап беріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, бірнеше күн бұрын блогер Жузи әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде "әкем сегіз жыл бойы зорлады. Ол туралы Арқалықта бәрі біледі" деп, жұртты шулатқанын жазған едік. 

Өз әкесінен зорлық көрген, бұл жағдайды анасы білетінін, мұғалімдерінің хабары барын Жузидің өз аузынан естіген жұрт шулап жатқанда, әлеуметтік желіде "мен Жұлдыз Жауынбаеваның ағасымын" деген Жәнібек Жауынбай мәлімдеме жасады.

"Мен Жұлдыздың ағасымын. Екеуіміздің әкеміз ортақ. Өгей емес, өз әкеміз. Жұлдыз әкеміз туралы ойдан шығарып отыр. Жұлдызғы тек хайп керек. Өз әкесін осылай етіп отырған адамға қандай қолдау жасауға болады? Қазіргі кезде әкем мен шешемді қолдап, солардың қасындамыз. Алдағы уақытта бүкіл ел шындықты білетін болады", деп мәлімдеді. 

 

Барлық жаңалықтар