"Дәрігер хиджабымды шешуді бұйырды" деген блогер жан сырын ақтарды

"Дәрігер хиджабымды шешуді бұйырды" деген блогер жан сырын ақтарды

Ақтөбедегі "Нұр ғасыр" мешітінде "уақытша неке ұсынды" деген даумен танылған блогер Эммануэлла Наурызбаева тосын мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Эммануэлла өзінің эпилепсия ауруымен ауыратынын бұған дейін де айтқаны мәлім. Бұл жолы блогер кезекті дәрігерлік тесеруден өтіп, дертінің асқынып кеткенін, осыған байланысты дәрігер басындағы хиджабын шешуді бұйырғанын айтады. 

Эммануэлла әлеуметтік желідегі парақшасында: "Бұл хиджабқа көз жасымды төгіп, өзім қалап келгенмін. Барлық аурудың шипасын тек Алла береді. Бұл да бір Алланың сынағы болар. Лайым Аллам бұл сынақтан сүрінбей өтуді бұйырсын" деп жазды. 

Блогердің оқырмандары "хиджабыңды шешпе, Алла өзі көмектеседі"деген сыңайда пікірлерін жазуда. 

Барлық жаңалықтар