Депутаттар бір айлық тамағына қанша теңге жұмсайды?

Депутаттар бір айлық тамағына қанша теңге жұмсайды?

Әлеуметтік желіде депутаттардың бір айда тамақ үшін қанша теңге ақша жұмсайтыны туралы видео қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметтерге сенсек, депутат Бақытжан Базарбек айына азық-түлікке шамамен 300 000-500 000 теңге жұмсайды екен.

Ал депутат Никита Шаталов аптасына шамамен 40 000-50 000 теңгеге азық түлік алатынын айтады. 

Танымал депутат Айдос Сарым болса, аптасына 50 000-60 000 теңгеге тоңазытқышын толтыратын көрінеді.

Айдарбек Ходжаназаров аптасына шамамен 80 000-100 000 теңге жұмсаса, .Мұрат Әбенов жалақысының шамамен жартысын азық-түлікке жұмсайтынын жасырмады.

Ал Ермұрат Бәпи барлық сауданы әйелі жасайтындықтан нақты сомасын білмейтінін айтып, белгілі бір соманы айтпады.

Депутаттардың тамаққа ғана жұмсайтын ақшаларының сомасын білген жұрттың басым бөлігі сенімсіздік танытып, "мүмкін емес" десуде. 

Барлық жаңалықтар