Әлеуметтік желіде тараған видеода атыраулық Үміт апа блогер, журналист Динара Сәтжан ұйымдастырған ұтыс ойнына ақша салып, алданып қалғанын айтып мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
"Мен Зулхаирова Үміт 2024 жылы интернет алаяқтарға алдандым. Солардың бірі Динара Сәтжанның Телеграм арнасына "көбейтіп береміз" дегеніне сеніп, 20 мың теңге салдым. "Сурет ұтып алдыңыз" деп Динара Сәтжанның өзі хабарласып, тағы 71 мың теңге салдырды" деген апамыз ақшасынан айрылғанын, танымал тұлғаларға сенбеуге шақырды.
"Сіздер де мен сияқты "танымал тұлға ғой" деп алданып қалмаңыздар. Марғұлан Сейсембаев дегенге де ақша салғам. Қайда, кімге ақша салғаным туралы қолымда дәлелдерім бар" дейді Үміт апа.