Дүмшелер оқушыларға да ауыз салғаны ма, бұл қалай?

Дүмшелер оқушыларға да ауыз салғаны ма, бұл қалай?

Әлеуметтік желіде маңызды, құнды дүниелер жазып, Ербол Ауылдан деген атпен танылған қоғам белсендісі тағы бір жазба жариялап, оқырманына ой салды деп жазады Democrat.kz.

Осындай жазба жариялаған Ербол Ауылдан қазіргі дүмшелердің білім саласына да сыналай кіріп кеткені туралы мәселе көтерді. 

Кәмелеттік жасқа толмаған, әлі оң мен солын танымаған оқушыға зайырлы елдің заңына сәйкес білім берудің орнына, әлдебір діни сенімдерін тықпалайтын мұғалімдер көбейіп барады. 

Діншіл мұғалімдердің өз діни сенімін оқушыға тықпалайтынын жыл сайын ораза ұстайтын мектеп баласына қарап білу қиын емес. 

Дипломды сатып алмаған, миында ақылы мен білімі бар,  құқықтық сауаты бар мұғалім оқушыға өзінің саяси, діни ұстанымдарын тықпалауға ққысы жоғын біздегі кей дүмше мұғалімдердің білмейтіні өкінішті. 

Ондай діни ұстанымын балаға тықпалайтын, діншіл мұғалімдерді сынып түгілі, мектептің маңына жолатпау керек. Сонымен қатар заң алдында жауапқа тарту керек емес пе, сіз қалай ойлайсыз?

Барлық жаңалықтар