Имам мүфтият талабына қарсы: Атыраулық имамның артында кімдер тұр?

Имам мүфтият талабына қарсы: Атыраулық имамның артында кімдер тұр?
Атыраудың бас имамы "Құспан молда" мешітінен кетпей жатыр. Оны қолдауға И.Тасмағамбетовтің "адамдары" қосылды деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл туралы танымал журналист Ораз Әлімбеков өзінің парақшасында жазды. 
 
"Атырау қаласының бас имамы Эммат Ғұмаров табысы мол "Құспан молда" мешітінен кеткісі жоқ, ол тым болмаса осы мешітте наиб-имам болып қалғысы келеді екен. Оның бұл дәмесі мүфтияттың бәріне ортақ ротация қағидасына қайшы.
 
Солай болса да Астананың дін істері басқармасының басшысы Қайролла Қөшқалиев бас мүфти Наурызбай Өтпеновтен Эммат имамды орнында қалдыруды өтінгенін бұған дейін жазғанмын. Дегенмен, бас мүфти өкімет адамының өтінішіне илікпепті.
 
"Осыдан кейін Эммат имам ОДКБ басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің Атыраудағы "адамдарын" өзін қолдауға қосты. Ол олигархтарды - Махмұт Мералиев, Ибрагим Ақдрашев және Төкен Жұмағұловты ортаға салған.
 
Мералиевтің өзі Эммат имамнан сұхбат алды (видео мына сілтемеде). Олигарх Мералиев Эммат имамды ҚМДБ жарғысына, ротацияға бағынбауға үгіттеді.
 
Қызды- қыздымен мұндай олигархтар имамдарды өкіметке қарсы шығуға үгіттеп, Атырауда халифат құруға шақыруы мүмкін... Құдай сақтасын...
 
Ал Мералиевке қызмет ететін ететін Нұрлан Жунасов (видео комментте) сияқты жергілікті блогерлердің бәрі облыстың бас имамы Болатбек Ұласқанұлына қарсы сөз айтып, мүфтияттың ротация саясатына қарсы шықты.
 
Олардың ойынша, Атырауда тек қана Эммат сияқты атыраулықтар бас имам болу керек екен, қызылордалық Болатбек имам сияқты шеттен келгендерге Жайықтың жағасында орын жоқ сияқты...
 
Бұл жерден жершілдіктің, рушылдықтың иісі мүңкиді-ау" деді Атыраудағы құпия дереккөз.
Ал мүфтият маңындағы құпия дереккөз "Бас мүфти қасиетті жұма күні Эммат имамды жылы орынтағынан түсіреді, Эмматың дәмесі үшін Бас мүфти ротацияны бұза алмайды ғой" деді...
 
Атыраудың олигархтары күшті ме, әлде Бас мүфти күшті ме?
Бұл сұрақтың жауабын жұма күні білеміз"деп жазды Ораз Әлімбеков.
Барлық жаңалықтар