Израиль - Иран соғысы: Иранды бәрі "лақтырып кетті"

Израиль - Иран соғысы: Иранды бәрі "лақтырып кетті"

Иранды бәрі сатып кетті. Батыс елдері Иран, Қытай, Ресей бірігіп кете ме деп қорқып келді, алайда бұлары бос қорқыныш болып шықты.

Иран Украинадағы соғысқа РФ үшін Shahed дрондарын беріп келді, ал Пекинге мұнайды көлеңкелі флот арқылы үлкен скидкамен сатып отырды, алайда қажет кезінде екеуі де көмекке келмеді. Мәскеу Израиль шабуылын айыптау мәлімдемесін жарты күн дайындады, ал гуманитарлық көмек туралы тіпті әңгіме де жоқ. Қытай Израиль шабуылын айыптап мәлімдеме жасады, алайда әскери қолдау туралы еш әңгіме жоқ. Иранға не қару, не ӘҚЖ, не басқалай да көмек жоқ. Шыжыңби тек сөзбен ғана қолдаған болады, іс жоқ. Бұл оның әуелден де сүйікті ісі екен. 25-жылдық қытай-иран пактісі тек қағаз ғана, Қытай уәде еткен 400 млрд инвестиция бос әңгіме болып шықты. Қытай Иран мұнай экспортының 90%-ін сатып алады екен, ал Иранның Қытаймен барлық саудадағы үлесі 1% дейді. Жеке мұнай айыру зауыттары иран мұнайын пайдалануды қысқарта бастапты. Енді керегің жоқ дегені. Егер 80 млн-дық Иранға жасап отырғаны әлгіндей болса, оның бізге не жасайтынын жобалауға болады. Тоқаев қанша жерден қытайша біледі, тонның ішкі бауындай сөйлеседі дегенмен де Қытайдың ішкі есебі өзінде болып тұр. Шыжыңби тек осы соғыс Ормуз шығанағындағы кеме жүзуге зияны тие ме деп қорқады екен, бірақ Иран үшін саусағын да қимылдатпайтыны белгілі болды. Бірақ егер осы соғысқа АҚШ араласса онда Қытай өз рөлі әлемде көтеріледі деп есептейді екен. Жалпы алғанда Қытайдың есебі түгел - тәжірибесі бар, ақшасы бар, ешқайда асықпайды және салқынқанды басы бар, сондықтан қандай жағдайда да ол бәрібір ұтысқа шығады деп жатыр екен кейбіреулер. Логикаға сыйымды. Осында Серікжан Біләш Қытай көп ұзамай күйрейді деп жатыр еді, оның болжамы орындалмайтын реті бар. Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ, сарапшы. Фото интернеттен.  

Барлық жаңалықтар