«Жалған жүктілік пе?»: Динара Сәтжан туралы жаңа қауесет тарады

«Жалған жүктілік пе?»: Динара Сәтжан туралы жаңа қауесет тарады

Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның жеке өміріне қатысты әңгіме жаңа сипат алды. Бұған дейін оны құттықтап, ақ тілегін жаудырған желі қолданушылары арасында енді мүлде басқа болжам айтылып жатыр, деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желілерде Динара Сәтжанның жүктілігіне қатысты талқылау толастар емес. Бұл жолы Threads қолданушыларының бірі тележүргізушінің сәби күтіп жүргеніне күмән келтіріп, суррогат ана туралы қауесетті қозғады.

«Ол жүкті емес, бұл – жүктілікке имитация ғана! Олардың баласын суррогат ана дүниеге әкеледі. Бұл – нақты ақпарат!» – деп жазған желі қолданушысы.

Алайда бұл мәлімдемеге қандай да бір дәлел келтірілмеген.

Оған жауап берген тағы бір қолданушы ақпараттың шынайылығына күмәнданып, егер бұл рас болса, жұртты не үшін жаңылыстыратынын сұраған.

Бұған дейін де әлеуметтік желіде Динара Сәтжанның сырт келбетіне қатысты түрлі пікір айтылған еді. Кейбір қолданушылар оның жүкті болуы мүмкін екенін болжап, «Аяғы ауыр сияқты», «Жүктілік ерекше жарасады екен», «Аман-есен босанып алыңыз» деген тілектер қалдырған.

Ал енді біреулер тележүргізушінің суреттері мен бейнежазбаларындағы дене бітімін салыстырып, жүктілік туралы болжамдардың қаншалықты шындыққа жанасатынын талқылап жатыр.

Еске салайық, Динара Сәтжан бұған дейін жұбайы Жұмабек Жанықұловпен ортақ перзент сүйгісі келетінін ашық айтқан болатын.

«Құдай қаласа, иә. Бұйырса, ортақ сәбиіміз болады деп сенемін», – деген еді ол сұхбаттарының бірінде.

Дегенмен тележүргізушінің қазіргі уақытта жүкті екені де, суррогат ананың көмегіне жүгінгені де ресми түрде расталған жоқ. Оның өзі бұл жөніндегі соңғы қауесеттерге қатысты ашық мәлімдеме жасағаны туралы ақпарат жоқ.

 

Барлық жаңалықтар