"Жалқау әйел бала туғыш келеді" дейді тиктокер

"Жалқау әйел бала туғыш келеді" дейді тиктокер

Күләйхан есімді тиктокер көп бала табатын әйелдер туралы айтып, сынға қалды деп жазады Democrat.kz.

"Жалқау әйелдер көп бала туғыш. Өттеріңіз жарылса да, шындық осы. Көп бала туғыш әйелдер жұмыс істеуден қашып, бала таба береді деп ойлаймын.  

Үйде жатып алып, күйеуіне "анау жоқ, мынау жоқ" деп құлақ етін жейді. Міндет қылады. Дұрыс емес. 

Жағдайыңды жасап алмай, топырлатып бала табудың керегі жоқ. 

Жағдайың жоқ па, бір, екі бала туып, жұмыс істесеңші. Үйсіз жүріп, топырлатып бала табудың керегі бар ма?"дейді тиктокер. 

Әйтсе де, тиктокердің бұл сөздері кейбіреулерге ұнамай қалды. "Қазақтың санын көбейту керек", "жа күнінде баланы туып тастау керек"деп аттандап отырғандар аз емес. 

Барлық жаңалықтар