Жартылай жалаңаш сауда үйінде жүгірген еркек ұсталды

Жартылай жалаңаш сауда үйінде жүгірген еркек ұсталды

Астанадағы сауда және ойын-сауық орталығының ішінде тек іш киіммен жүгіріп, плакат ұстап жүрген ер адам әкімшілік қамауға алынды деп хабарлайды Democrat.kz.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада ер адамның жартылай жалаңаш күйде келушілердің көзінше айқайлап, плакат көтеріп жүгіріп жүргені байқалады. Оның бұл әрекеті қоғамдық тәртіпті бұзған.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы тұлғаны анықтап, 26 жастағы ер адамды ұстаған. Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Барлық жаңалықтар