Арыс – Шардара тас жолында Chevrolet Cobalt пен «КамАЗ» соқтығысты. Салдарынан жарысқа бара жатқан үш жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Azattyq Rýhy.-на сілтеме жасап.
Оқиғаның мән-жайы
Қайғылы жағдай 22 сәуір күні болған. Түркістан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл автокөліктің ішінде болған үш жолаушы (кәмелетке толмаған балалар) алған жарақаттарынан мерт болды. Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта жүк көлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктегі жасөспірімдер спортшылар болған. Олар жаттықтырушысымен бірге Түркістан қаласына жарысқа бара жатқан. Алайда балаларды тасымалдау туралы тиісті мемлекеттік органдарға ешқандай ескерту жасалмаған.
Тергеу басталды
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында екі бағыт бойынша тексеріс жүруде. Біріншісі жол қозғалысы ережелерін бұзу болса, екінші іс балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау.