Келіншек күйеуінің жылдар бойы көңілдесіне берген ақшаларын сотпен кері қайтарып алды

Келіншек күйеуінің жылдар бойы көңілдесіне берген ақшаларын сотпен кері қайтарып алды

Қытайда әйел күйеуінің жылдар бойы көңілдесіне берген ақшаларын сот арқылы кері қайтарып алды деп жазады Democrat.kz.

Ол күйеуі қайтыс болғаннан кейін марқұмның жасырын қарым-қатынасы болғанын біледі. 

Ерлі - зайыптылар 20 жылдан астам бірге тұрып, екі баласын-ұл мен қызын тәрбиелеген.  2022 жылы күйеуі қайтыс болып,  оның заттарын ақтарып отырған кезінде әйелі басқа әйелге тұрақты ақша аударымдар жасағаны туралы түбіртектерді тауып алған. 

Осылайша марқұмның көп жылдық қарым-қатынасы бар екені анықталды. Осы уақыт ішінде марқұм көңілдесіне шамамен 19 миллион юань аударған екен, бұл шамамен 2,8 миллион доллар.

Жесір әйел бұл аударымдарды жарамсыз деп тануды және қаражатты қайтаруды талап етіп сотқа жүгінді. Ол неке кезінде бөгде адамға жұмсалатын шығындар оның мүліктік құқығын бұзатынын атап өтті.

Сот әйелінің ұстанымын қолдап, марқұмның көңілдесіне  алған ақшасын қайтаруға міндеттеді. Шешімде ер адамның ерлі-зайыптылардың келісімінсіз жалпы отбасылық бюджеттен қаражатты басқарғаны атап өтілді.

 

Барлық жаңалықтар