1 қазанда Киевтегі мектеп ғимаратына дрон соғылып, өрт шықты. Қала билігінің мәліметінше, шабуыл кезінде балалар әуе дабылына байланысты паналау орнында болғандықтан, мектепте ешкім зардап шеккен жоқ, деп жазады Democrat.kz.
Киев мэрі Виталий Кличконың мәліметінше, ресейлік дрон қаладағы мектептердің біріне түскен.
Соққыдан ғимараттың бір бөлігі зақымдалып, өрт шыққан.
Шабуыл кезінде мектеп оқушылары қауіпсіздік ережесіне сәйкес паналау орнына түсірілген.
Сол себепті балалар мен мектеп қызметкерлері арасында зардап шеккендер тіркелмеген.
Төтенше жағдайлар қызметі өртті сөндіріп, зақымданған аумақты тексерді.
Сол күні Киевтің басқа нысандарына да дрондар соққы жасаған. Сонымен қатар Одессадағы әуе шабуылынан бір адамның жараланғаны және инфрақұрылым нысандарының зақымданғаны хабарланды.
Ресей тарапы Одессадағы соққылардың әскери мақсатта пайдаланылатын деректер орталығы мен Қара теңіз маңындағы нысандарға бағытталғанын мәлімдеді. Украина тарапы азаматтық инфрақұрылымға келтірілген залал туралы хабарлап отыр.