Күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел енді соған тұрмысқа шықпақ

Күйеуінің жыныс мүшесін кесіп тастаған әйел енді соған тұрмысқа шықпақ

Күйеуінің опасыздығын білген әйел оның жыныс мүшесін ұстарамен кесіп, дәретханаға ағызып жіберген. Қылмысы үшін сотталып, 683 күн түрмеде отырған әйел бостандыққа шыққан соң ерлі-зайыпты қайта табысып, енді үйлену тойын жоспарлап отыр, деп жазады Democrat.kz.

Оқиға Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Атибая қаласында болған.

34 жастағы Даиане дос Сантос Фариас күйеуі Гилберто Ногейра де Оливейраның өзіне опасыздық жасағанын білгеннен кейін кек алуға шешім қабылдаған. Тергеу материалдары бойынша, әйел интимдік қатынас кезінде ер адамның қолын байлап, оның жыныс мүшесін ұстарамен кесіп тастаған. Кейін оны суретке түсіріп, дәретханаға тастап, суды ағызып жіберген. Мұны мүшені қайта жалғау мүмкін болмауы үшін жасағанын өзі полицияға айтқан. 

Оқиғадан кейін әйел полицияға өзі барып, қылмысын мойындаған. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, аман қалған. Кейін ол әйелін кешіргенін ашық айтқан. 

Даиане төрт жыл сегіз айға сотталып, 683 күн түрмеде отырған. 2025 жылғы қарашада шартты түрде бостандыққа шыққаннан кейін ол Гилбертомен қайта қосылған. Қазір екеуі үйлену тойын өткізуді жоспарлап жүр. 

Оқиғаның тағы бір тосын тұсы — Гилберто жоғалтқан жыныс мүшесін қалпына келтіру үшін күрделі реконструкциялық операция жасатуды көздеп отыр. Кейінгі мәліметтерде оның медициналық протез салдыру мүмкіндігін де қарастырып жүргені айтылады. 

Айта кетейік, әйелдің айтуынша, опасыздыққа қатысты жағдайға оның 15 жастағы жиені де араласқан. Бұл дерек полиция материалдарында және бірнеше бразилиялық басылымда келтірілген, бірақ ер адам сол айыпқа қатысты бастапқы сұхбаттарында түсініктеме бермеген. 

Осылайша, алғашында ауыр қылмыспен аяқталған отбасы жанжалы бірнеше жылдан кейін күтпеген бағытқа бұрылып, ерлі-зайыпты қайта қосылған.

Барлық жаңалықтар