Күләш Шәмшидинова: "Жалақы алмасақ та, бала оқыттық"

Күләш Шәмшидинова: "Жалақы алмасақ та, бала оқыттық"

«Жалақы алмасақ та күн де келіп, балаларды оқытатынбыз» деген белгілі ұстаз қиын кезеңдерді есіне алды. Еліміздің 12-ші Білім және ғылым министрі болған Күләш Шәмшидинова тоқырау тоқсанышы жыдары қиындықты қалай өткергендерін айтты, деп жазды Democrat.kz. 

«1992-1996 жылдары мектеп директоры болдым. Айлап жалақы алмаймыз, сонда бір күн сабақ өтпей қалған кез болған жоқ. Жалақы алмасақ та күн де келіп, балаларды оқытатынбыз. «Бұл еліміздің тарихындағы қиын кезең. Бірақ бұдан өту үшін бәріміз де еңбек етуіміз керек» деген қағидамен жұмыс істедік. Болашағымыз жақсы болу үшін бүгін балаларымызды оқытуымыз керек деген оймен жүрдік.   Жылу да жоқ, жарық та жоқ болды. Сол қиындықты сол кездегі адамдар да, балалар да көтере білді», – деді өткенді еске ала.

Барлық жаңалықтар