Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің аты тағы да қоғамдық талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен өткен жиын құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, форумда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, мал ұрлығы және отбасылық зорлық-зомбылық сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Бұл – жастардың қатысуын және ұсыныстарын талап ететін маңызды алаңдардың бірі болды.
Форумның дәл қызған шағында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің сыртқа шығып, әріптестерімен әңгімелесіп тұрған сәтін қоғам белсендісі Сәуле Бикитеева видеоға түсіріп алған. Кейін бұл жазба әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті. Белсенді шенеуніктен бұл әрекетінің қаншалықты этикаға сай екенін сұраған. Өз кезегінде Ахметов түсініктеме беруге тырысқанымен, жергілікті белсенді де, желі қолданушылары да оған риза болмады.