Мәжбүрлік пе, әлде өз еркімен бе? Майра Мелдебекованың вице-министрліктен кетуінің себебі неде?

Мәжбүрлік пе, әлде өз еркімен бе? Майра Мелдебекованың вице-министрліктен кетуінің себебі неде?

Кеше Оқу ағарту министрлігінің вице-министрі Майра Мелдебекованың қызметінен кеткені туралы ақпарат тарады. Осы ақпараттың тарағаны сол екен, әлеуметтік желіде қызу пікірталас қызды. Бір тарап экс вице-министрдің кеткеніне "дұрыс" десе, бір тарап "қателік болды" десіп пікірін білдіруде деп жазады Democrat.kz.

Facebook әлеуметтік желісінде вице-министр Майра Мелдебекованың орнынан кеткені туралы ақпарат тарай сала, жүздеген кісі өз пікірлерін білдіріп бастады. 

Білім саласына қатысы бар кісілерден бөлек, қарапайым азаматтар да үн қосып, ойын білдіріп жатқан бұл жаңалықтың басты кейіпкері Майра Мелдебекова кім? Осы сұраққа тоқталар болсақ, Майра Мелдебекова - Қызылорда өңірінің  тумасы. Қызметте сатылап көтерілген, білім саласының маманы. Жалпы, Майра Мелдебекова - білім саласында экс министр Ғани Бейсембаевтың тұсында жұртқа жақын таныла бастады. 

Педагогтар Майра Тұрғанбайқызының әсіресе, "Нысаналы мектеп", "Мақсатты мектеп" атты жоба жұмысы басталғанда "жақыннан тани" түсті. Себебі мұғалім мен оқушыны сандалтқан, тамшыдай пайдасы бола қоймаған аталмыш жобаны жақтап, биік мінберлерден көбірек көрінген кісінің бірі осы - Майра Мелдебекова болатын. 

Десек те, Майра Мелдебекованың шалғайдағы мектеп мұғалімдеріне шапағаты тиген сәттері де аз болмапты. Экс вице-министрге қатысты пікірлерді саралап отырып, Майра Тұрғанбайқызының адами тұрғыда жасаған жақсылықтары да аз емесін байқауға болады. 

Әлеуметтік желіде қазірге дейін жауабы берілмей тұрған бір сауал бар. Майра Мелдебекова қызметінен неге кетті немесе оны жұмыстан не себепті шығарды?

Осыған қатысты түрлі болжам жасап отырған желі қолданушылар қазіргі министр Жұлдыз Сүлейменова "айналасын тазартуда" дегенді айтады. Таяуда ғана министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен бір топ адамның арызданып, Президентке хат жолдағаны мәлім болған еді. "Ресми тіркелмеген" деген себеппен ол арызға қатысты қазан жабулы күйде қалғаны да мәлім. 

Желі қолданушылар "Майра Мелдебекова сол шуды, сол арызды ұйымдастырған болуы мүмкін" деген долбарын алға тартуда. Алайда бұған нақты дәлел жоқ. 

Оқу ағарту министрлігінің ішінде бізге беймәлім бір нәрселер жүріп жатқаны анық. Өкінішке қарай, ресми нақты ақпаратты мәлімдеген ешкім жоқ. Ресми мәлімдеме болмаған соң да, жұрт амалсыз өз болжамын жасауға мәжбүр. 

Мәселен, әлеуметтік желіде "өз адамын әкелі үшін Майра Мелдебекованы жұмыстан шығарды", "жаңа министрмен жұмыс істесе алмаған", "президентке жазылған арызды ұйымдастырған болуы мүмкін" дегенге саятын түрлі болжамдар айтылуда. 

Бірнеше парақшада жазылып жатқан Майра Мелдебековаға қатысты пікірлер легін төменде назарыңызға ұсынып отырмыз. Ал сіз қалай ойлайсыз, Майра Мелдебекова неге вице-министр қызметінен кетті? 

 Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Барлық жаңалықтар