Қоғам белсендісі Фарида Батырбаева "мамбет" сөзіне қатысты түсінік беріп, бұл сөз үшін соттау дұрыс еместігін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Мамбет" - Мұхаммед сөзінің баламасы. Мамбет сөзінің мағынасы түрлі өзгеруі мүмкін. Мамбет - қазақ, қырғыз арасында, түркі елдерінде кеңінен тараған адам есімі.
Түпкі мағынасы - Мұхамедтан шыққан.
Алайда "мамбет" сөзі қазір мазақ, қорлау сөзінің қатарында. Ал "мамбетизм" - надан, дөрекі, білімсіз адамдарға қаратып айтылады.
Ауылдан шыққан, түк көрмеген, консервативті көзқарастағы кісілерді де "мамбет" деу қалыптасқан.
Қазақ-қырғыз халқында осы "мамбет" сөзіне қатысты көп талас-тартыс бар. Сөздің түпкі мәнін ұқпай, өзіне "мамбет" деген кісіге ренжиді.
Егер осы "мамбет" сөзіне қатысты соттап, түрмеге жабатын болсақ, ойланайықшы, біз кімбіз?
Бұл сөзден ауыр қылмыс жасағандарды кешіретін қоғам, неге "мамбет" сөзін кешіре алмайды?" деген Фарида Батырбаева таяуда қазақтарды "мамбет" деп істі болған Алика Мұхамедиеваға қатысты пікір білдірді.
