Маск пен Альтман ең қуатты жасанды интеллектіні дамытуды баяулатуға шақырды

Маск пен Альтман ең қуатты жасанды интеллектіні дамытуды баяулатуға шақырды

Илон Маск пен OpenAI басшысы Сэм Альтман Anthropic жетекшісі Дарио Амодеидің ең қуатты жасанды интеллект жүйелерін жасауды уақытша баяулату туралы ұсынысын қолдады. Технология жетекшілері ИИ мүмкіндігі қауіпсіздік тетіктерінен жылдам дамып бара жатқанын мойындап отыр, деп жазады Democrat.kz.

Anthropic басшысы Дарио Амодеи жасанды интеллект саласындағы жарысты белгілі бір деңгейде тежеу қажет екенін мәлімдеді.

Оның пікірінше, ең озық модельдердің мүмкіндігі оларды бақылау мен қауіпсіз пайдалану механизмдерінен жылдамырақ өсіп келеді.

Ұсынысты Илон Маск пен OpenAI басшысы Сэм Альтман да қолдады.

Альтман ірі ИИ компаниялары технологияны дамыту жылдамдығы бойынша ортақ келісімге келе алатынын және мұндай әңгімелер жеке деңгейде қазірдің өзінде өтіп жатқанын айтқан.

Бұл жасанды интеллектіні толық тоқтату туралы ұсыныс емес. Әңгіме ең қуатты жаңа модельдерді шығарған кезде қауіпсіздік тексерулеріне көбірек уақыт беру жөнінде болып отыр.

Соңғы айларда жетекші технология басшылары жаңа ИИ модельдерінің кей тапсырмаларда адам мүмкіндігінен асып түсіп жатқанын жиі айтып келеді.

Дегенмен компаниялардың коммерциялық бәсекесі ортақ шектеу енгізуді қиындатады. 

Барлық жаңалықтар