"Мектеп оқушыларын сенбілікке шығару керек": Депутаттың ұсынысы желіде қызу талқыға түсті

"Мектеп оқушыларын сенбілікке шығару керек": Депутаттың ұсынысы желіде қызу талқыға түсті

Жоғары сынып оқушылары мен студенттерді сенбілік пен қоғамдық жұмыстарға белсенді тартуды айтқан Қырғыздың Жоғарғу кенеш депутаты өзінің ұсынысын жеткізді. Оның сөзінше, қазіргі жастардың бір бөлігі қарапайым еңбек құралдарын қолдануды да білмейді, деп жазады Democrat.kz.

23 қыркүйекте парламент отырысында депутат Ош облысының Ноокат ауданында мұғалімдермен бірге сенбілікке қатысқанын айтты. Сол жерде ұстаздар оған бұрынғыдай 10–11-сынып оқушыларын да тазалық жұмыстарына тарту керек деген ұсыныс жеткізген.

Рустамбек уулудың айтуынша, қазір сенбілікке көбіне мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік мекеме өкілдері шығады. Ал жоғары сынып оқушылары мен студенттер мұндай жұмыстардан тыс қалып отыр.

Депутат қазіргі жастардың, әсіресе қалада өскен балалардың, күрек пен сыпырғыны дұрыс ұстай алмайтынын алға тартты.

«Өздері тазалық жұмысына қатысса, кейін көшеге қоқыс тастамайтын болады. Қоғам үшін еңбек ету ешкімге зиян келтірген жоқ», — деді ол.

Депутаттың бастамасы Қырғызстанда оқушы мен студентті қоғамдық еңбекке тарту мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды.

Депутаттың бұл ұсынысы қоғам тарапынан қызу талқыға түсіп, көпшілік "дұрыс" дп қолдап жатыр. 

Барлық жаңалықтар