Әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріндегі түрлі жағдайлардан кейін қазіргі таңда басқа адамға емес, өзіне және өмірге ғашық екенін айтып, махаббатқа қатысты көзқарасының өзгергенін жеткізді, деп жазады Democrat.kz.
Мөлдір Әуелбекова «Шайдың қыздары» бағдарламасында көрерменнің «қазір кімге ғашықсыз?» деген сауалына жауап берген.
Әнші бұл жолы жауабын әзілге айналдырмай, өзінің қазіргі ішкі күйі туралы айтқан.
«Мен қазір өзіме ғашықпын. Біреуге ғашық болып шаршадым», — деді әнші.
Мөлдірдің айтуынша, өміріндегі түрлі жағдайлар оған көп нәрсе үйреткен.
Әсіресе адамның алдымен өзін бағалап, өзін жақсы көруі керегін кейінірек түсінгенін жеткізді.
Әнші мұндай ойға қырық жасқа келгенде анық көз жеткізгенін айтады.
Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бұған дейін де жұрттың назарында болған. Алайда бұл жолы өнер иесі нақты бір адам туралы емес, өзінің қазіргі өмірге және қарым-қатынасқа деген көзқарасын айтқан.