Бүкіл Қазақстан халқы күңіреніп, қара жамылып отырғанда, бір діндар әлеуметтік желіге шығып, Каспи теңізіне батып, мерт болған сарбаздардың өліміне қатысты пікір білдіріп, жұртты шулатты деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде тараған видеода өзін Ислам дінінің өкілі ретінде көрсеткен азамат: «Сарбаздарымыз суға кетіп өлді дегенді естігенде, қатты қуандым! Дінімізде бұл нағыз шейіт өлім саналады. Аллаға сансыз мадақ жолдадым.
Қандай керемет өлім дедім. Сахабалар аңсаған өлім ғой! Отанды қорғап жүріп өлу деген... Қазір әке-шешесіне, бауырларына қиын. Бірақ олардың аты қалды ғой. Отанды қорғап жүріп өлу деген мұсылмандар аңсайтын өлім.
Қазір бақа-шаяндар жүр ғой, солардың жастарындағы, түнгі клубтарда, клей иіскеп. Ал мынау мақтанатын зат. Бұл деген «потолок өлім»! Аллаһ отбасыларына сабыр берсін. Бірақ аттары қалатындай өлім, пайғамбарлардың дәрежесіндегі өлім бұл. Алланың алдында олардың дәрежесі жоғары болады», - деді.
Бұл азаматтың мына сөздеріне жаға ұстап, таңғалған жұртшылық «мынау не сөз?», «мынаны соттау керек!», фанатизмнің шегі» дегенге саятын пікірлер жазуда.