Түркістан қаласындағы 9-шы Некрасова атындағы мектеп-гимназиясында қайғылы оқиға орын алды деп жазады Democrat.kz.
"Мәліметке сәйкес, аталған мектепте тәжірибеден өтіп жүрген жас маман – Қазақ-түрік университетінен келген екінші курс студенті ұялы телефонымды осы 8-сыныптың оқушылары алды деп мектеп оқушысына негізсіз жала жауып, оған психологиялық қысым көрсеткен.
Ең сорақысы – оқушылар сыныптан шығарылмай, қамауда ұсталғандай жағдайда қалған. Ал мектеп әкімшілігі бұл жағдайға уақтылы араласпаған. Нәтижесінде, қысымға шыдамаған оқушы терезеден секіруге мәжбүр болған.
Кешірімнің орнына – тағы қысым.
Оқиғадан кейін мектеп басшылығы ата-анадан кешірім сұраудың орнына, керісінше, Түркістан қаласының білім бөлімінің әдіскерлерін, мектеп әкімшілігін және сол сыныптың ата-аналары мен 8- шы сынып оқушыларын жинап, жағдайды ұшықтырып. Екі екі тарапты дауға айналдыруға тырысқан.
Мектеп әкімшілігі:
• жас маманның әрекетіне ешқандай құқықтық немесе тәртіптік баға бермеген;
• оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген;
• ата-анаға қатысты қысым көрсетілуіне жол берген.
Ауруханадағы ана, психологиялық және моральдық қысым көрген бала, жауапсыз жүйе!
Бүгінгі таңда зардап шеккен оқушы физикалық және психологиялық тұрғыда мазасыз күйде. Ата-ана баласының тағдырына алаңдап, өзі де денсаулығынан зардап шеккенін айтуда. Қазіргі таңда баланың анасы ауруханада.
Бұл жағдай:
• баланың қауіпсіз білім алуға деген конституциялық құқығының бұзылғанын;
• мектеп әкімшілігінің жауапсыздығын;
• педагогикалық әдеп пен кәсіби нормалардың өрескел сақталмағанын көрсетеді.
Жауапкершілік болуға тиіс.
Мамандардың пікірінше, мұндай жағдайда:
• мектеп басшылығына қатысты қызметтік тексеріс жүргізілуі;
• жас маманның әрекетіне құқықтық баға берілуі;
• баланың құқығын қорғау органдарының шұғыл араласуы қажет.
Мектеп – қауіпсіз аймақ болуға тиіс. Ал оқушыны терезеден секіруге мәжбүр еткен жүйе қоғам алдында жауап беруге міндетті." - деп жазады Лаззат Асанова өз парақшасында