Мектептің төбесі опырылып түсті

Мектептің төбесі опырылып түсті
Семейдегі №43 орта мектеп ғимаратының төбе сылағы сабақ кезінде опырылып түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. "Үшінші қабаттағы төбе сылағының 1 шаршы метрдей бөлігі опырылып түсті. Оқиға сабақ үстінде болды, жанында мұғалімдер бөлмесі бар. Көп ұзамай құлаған бөлік қоршауға алынып, тазаланды. Сабақ қалыпты режимде жалғасты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады білім бөлімі. Олар сылақ опырылған жерде сол күні жөндеу жұмыстары жасалды деп сендірді. Ақпарат бойынша, мектеп 1936 жылы салынған, шатыры ағаштан жасалған. Фото ашық дереккөзден алынды.
Барлық жаңалықтар