Актрисаның сөзінше, заман өзгеріп, жастар мен үлкендердің көзқарасы да басқаша қалыптасқан. Өзі ата-енесімен он жыл бірге тұрғанын, сол кезде келіндік міндетін атқарғанын жеткізді.
«Біздің арамызда 50 жыл айырмашылық бар. Ол кезде біз де, қыздар да басқа едік. Жалпы, өмір басқаша болды. Сондықтан ата-енем бізбен он жыл бірге тұрды. Өте үлкен кісілер еді. Құрман ағаң: «Ауылдан алып келеміз», – деді. Мен келістім. Сөйтіп, келіндік қызметімді атқардым. Бірақ қазір жастарға айтарым – бөлек тұрған дұрыс. Басында бірге тұруға болады, дегенмен жалпы бөлек тұрған жөн. Қазір заман басқа, жастардың да, үлкендердің де ойы өзгерген», – деді Меруерт Өтекешова.